Иірмек
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
18:19, 2013 ж. қыркүйектің 15 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Иірмек – Дулығалы өзенінің оң жағалауындағы қыстау. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қызылүй ауылының шығысында 41 км жерде орналасқан. Ұлытау тауларының аңғарында. Солтүстігінде Қарақұдық құдығы, батысында Ақши, Демебай, Мырзағұл қыстаулары кездеседі. Оңтүстігінен Қарғалы өзенінің салалары Шолақ, Жоса ағып өтеді. Мал жайылымына қолайлы. <ref name="test">Қазақстан Энциклопедиясы</ref>
Сілтемелер
<references />