Жасқұсқұм

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:53, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

ЖАСҚҰСҚҰМКаспий маңы ойпатының солтүстік-батыс бөлігіндегі тұзды қақтар арасындағы құм. Алқап солтүстік-шығыс бағытқа созылып жатыр. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында. Аумағы 120 км², биіктігі 6 – 8 м, ені 2 – 10 км-дей. Жер асты суы 1,5 м тереңдікте (тұщы). Құм етегінде тал аралас терек, жиде, итмұрын, айрауық, түйе жоңышқа, өлеңшөп, қамыс, жүзгін, жусан өседі. Мал жайылымына қолайлы.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Wikify Үлгі:Stub