Ғалымжан Ғирфанұлы Ибрагимов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:29, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Жазушы Ғалымжан Ғирфанұлы Ибрагимов (Үлгі:Lang-tt; 12 наурыз 1887, Сұлтанмұрат, Істерлітамақ уезі, Үфі губерниясы - 21 қаңтар 1938, Қазан) - татар жазушысы және тілтанушы, қоғам қайраткер. Қазіргі татар кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі.

Сұлтанғалиевші деген айыппен репресияға ұшыраған. 24 қыркүйек 1955 жылы ақталды.

М. Жұмабаев, Б. Майлин, Ж. Тілепбергенов т. б. Қазақ жазушыларының ұстазы. Қазақ аулында мұғалімдік қызмет атқара жүріп, қазақ тілін жетік меңгерген ол туысқан халық өмірінен «Қазақ қызы» атты роман жазды. И. Қазақтың ауыз әдебиеті, ұлы ақыны Абай жайында әр тұста аталы пікірлер айтқан. 1916 ж. «Аң» («Сана») журналының 5-санында жарияланған «Тіліміз әртүрлі, ойымыз – бір тұтас» деген мақаласында қазақ халқының бай ауыз әдебиетін ұлы мұра ретінде бағалап, сол мұраны терең зерттеп, игеруге үндейді. «Қазақтар біраз уақыт татар мәдениеті мен әдебиетінен уйреніп келді. Алайда олар кешікпей дербес те даңқты жолға тұседі. Бұл процесті ешнәрсе де тоқтата алмайды», - дейді. Сөйтіп біздің ұлттық әдебиетіміздің жаңа дәуірлеу бағытын ол Абай есімімен байланыстырады. Уфадағы Ғалия медресесінде оқып жүрген қазақ жастарының ана тілінде қолжазба «Садақ» журналын шығаруға көмектескен Ибрагимов «Ешқашан да ешбір халықтың ана тілін тартып алып, оған өзге тілді телу табысқа жеткізіп көрген емес», - деп тұжырымдай келіп, бұған дәлел ретінде Абай поэзиясын келтірген. «Қазір Абай өлеңдері кең-байтақ қазақ даласына кең жайылған. Оларды халық аузынан түсірмей айтып жүреді» деген.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Bio-stub