Шоқан Қазбайұлы Әлімбаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
17:22, 2024 ж. қазанның 1 кезіндегі BilgishShezhireshiBot (Талқылауы) істеген түзету
Шоқан Қазбайұлы Әлімбаев (6.6.1941, Жамбыл облысы Асы темір жол бекеті - 1990) - фантаст-жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген (1965). "Спорт" газетінде әдеби қызметкер, "Жазушы" баспасында редактор, аға редактор, "Қазақфильм" киностудиясында сценарийлық алқа мүшесі қызметтерін атқарған. Алғашқы әңгімесі 1964 жылы "Простор", "Жұлдыз" журналдарында жарияланған. Әлімбаев фантастикалық әңгіме, повесть, романдардың авторы. Жазушының шығармалары орыс, қырғыз, украин, әзірбайжан тілдеріне аударылған.
Шығармалары:
- Даналық альфасы. Повесть. А., 1967;
- Даналық формуласы. Роман. А., 1982.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify