Жомарт Байзақұлы Момынбаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:05, 2024 ж. қазанның 1 кезіндегі BilgishShezhireshiBot (Талқылауы) істеген түзету
Жомарт Байзақұлы Момынбаев (21.7.1972, Жалағаш кенті) – кәсіпкер.
Байұлы тайпасының Алтын руының Мәметек бөлімінен шыққан.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Республикалық медициналық училищені (1990), Алматы мемлекеттік медицина институтын (ҚазҰМУ, 1996), Мәскеудегі Еңбек және Әлеуметтік қорғау академиясын (2000) бітірген. Саясаттану ғылымдарының кандидаты. (2002). 1996 – 2001 жылдары «VERTEX» АҚ-ның менеджері, 2001 – 02 жылдары «Қазақмыс» корпорациясы Корпоративтік сақтандыру компаниясы» ЖАҚ басқармасының төрағасы, 2002 жылдан бері «VERTEX» АҚ-ның Вице-президенті. Мұнай-газ жабдығы өндірісіне, азаматтық құрылысқа, тауар-материалдық құндылықтармен жабдықтауға, жаңа жобаларға жалпы басшылық жасаған.