Михаил Максимович Чепрасов
Үлгі:Әскери қайраткер Чепрасов Михаил Максимович<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref> 1924 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Целинный (қазіргі Ғ. Мүсірепов) ауданындағы Шалқар селосында туған. Ұжымшарда тракторшы болып істеген. 1942 жылдан Қызыл Армия қатарына алынған. Гвардия қатарындағы жауынгер Чепрасов Орталық майданның 13-Әскерінде 75-гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында 1943 жылдың 6 шілдесінде Курск облысы Поныров ауданы Поныр теміржол стансасы маңында болған шайқаста жаудың 4 танкін және ондаған солдаттар мен офицерлерінің көзін жойды. Осы ұрыста ол қаза тапты. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1943 жылғы 7 тамыздағы Жарлығымен Михаил Максимович Чепрасовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Поныров ауданындағы Ольховатка селосында жерленген. Алматы облысындағы Сарқант қаласында бір көше мен мектепке батырдың есімі берілген.
Дереккөздер
<references/>