Надежда Константиновна Лукьянченко
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Лукьянченко Надежда Константиновна (1939, Есіл ауданы Гурьяновка ауылы) – еңбек ардагері. Социалистiк Еңбек Ері (1982). 12 жасынан бастап еңбекке араласқан.1954 жылы Зеленая роща ұжымшарында тіркемеші, Заречный кеңшарындағы кешенді бригадада сауыншы (1954 – 89) болып жұмыс істеді. 2 мәрте Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
- «Ақмола облысы» энциклопедиясы
- http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=27233