Қазанбасы құмы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:42, 2015 ж. қарашаның 30 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Қазанбасы құмы– Торғай алды жазығындағы орманды, құмды алқап. Қостанай облысының орталық тұсында, Әулиекөл ауданы аумағында орналасқан. Қазанбасы құмы теңіз деңгейінен 200 м биіктікте, солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа қарай 27 – 30 км-ге созылып жатыр, ені 8 км. Құм төбелерде көбіне қарағай, кей жерлерде қайың, көктерек, қызылқоңыр топырақты ашық жерлерінде шалғынды дала шөбі өседі. Төбе аралықтарында кішігірім тұщы және тұзды көлдер бар.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>