Молдахмет Дабылұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:20, 2024 ж. наурыздың 31 кезіндегі Nurtenge (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Молдахмет Дабылұлы (1892, қазіргі Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылы – 1946, сонда) – ақын.

Орта жүз Найман тайпасының Балталы руынан.

Ауыл молдасынан хат танып, әкесі Дабыл, шешесі Ақсұлудың (Қарасақал Ерімбеттің қарындасы) өнерінен үлгі-өнеге алып, 14 жасында «бала жырау», «жас шайыр» атанған. Даңмұрын ақынның шәкірті болған. "Көрұғлы" дастанының бір­неше саласын жатқа айтқан. Дабылұлы Сыр бойы ақындарының жыр, толғауларын домбыраға қосып жырлаған. *1917 ж. Шәкейсал Дәруішқызының жұмбақ айтысына қатысқан.

  • 1944 - 45 ж. Т.Үркімбаевпен айтысқан. Дабылұлы "Қашқансу - туған жерім", "Дана ақын Даңмұрын", "Нартай ақынға", "Шаһнаманы оқығанда", т.б. өлеңдерін, "Шыбық қыз", "Сарғасқа атты Келмембет" дастандарын жазған.
  • 1945 ж. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапаттал­ған.
  • 1993 ж. Қызылорда облысы Қармақшы ауданында ақынның 100 жылдық мерейтойы аталып өтіп, аудандағы көшенің біріне Дабылұлы есімі берілді.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref> Жасында Сыр бойы әнші-жыршыларының орындаушылық дәстүрінен үйреніп, «Қыз Жібек», «Алпамыс» жырлары мен «Көрұғлы», «Мұңлық – Зарлық», «Су патшасы Сүлеймен», «Ақтам сахаба», «Жүсіп – Зылиха», «Дариға – Мәді» секілді шығыстың қисса-дастандарын өзіндік мәнермен орындаған. Ол Жиенбай сазы мен Тасбергеннің «маңырамасы», Молдахметтің «боздамасы», әуелеген Нартай әні, Нұртуған мектебінің әуендері, тербелісті Сәрсенбай мақамы, т.б. термелік әуендердің халық арасына кеңінен таралуына ықпал етті. Молдахметтің лирикалық, дидактикалық өлеңдерімен қатар дастандары («Сарғасқа атты Келмембет», «Қазақтың қасиетті шаңырағы», «Бекен аға», «Жастық шабыты»), айтыстары («Молдахмет пен Машарап», «Молдахмет пен Тұрымбет») сақталған. Молдахметтің ақындық мұрасы ғалым Е.Ысмайыловтың жетекшілігімен жазылып алынған. Қармақшы ауданы мәдениет үйіне есімі берілген (1992).<ref>"Сыр елі энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қазақ әдебиеті Үлгі:Суретсіз мақала