Эванджелиста Торричелли

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:49, 2026 ж. мамырдың 30 кезіндегі 1nter pares (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Infobox scientistEvangelista Torricelli (Үлгі:Audio; (15.10.1608, Фаэнца – 25.10. 1647, Флоренция) – италиялық математик және физик.

Сурет:Evangelista Torricelli - Museo di Storia Naturale di Firenze.JPG
Torricelli's statue in the Museo di Storia Naturale di Firenze.
Сурет:1959 CPA 2279.jpg
1959 Evangelista Torricelli commemorative stamp of the U.S.S.R.

Өмірбаяны

Римде Г.Галилейдің шәкірті – Б.Кастеллиден математикалық білім алған.

1641 ж. Арчетриге келіп, Галилейге еңбектерін өңдеуге көмектесті. Галилей қайтыс болғаннан кейін, 1642 жылдан Тоскана ұлы герцогінің сарай математигі, Флоренция және Тоскана университеттерінде профессорі болды. Торричелидің негізгі танымал ғылыми еңбектері пневматика мен механикаға арналған.

1644 ж. атмосфералық қысым теориясын дамытты, Торричелли бостығын алу мүмкіндігін дәлелдеді және сынапты барометрді ойлап тапты. Механикадағы негізгі “Еркін түсетін және тасталған ауыр дененің қозғалысы туралы” еңбегінде (1641) Галилейдің қозғалыс туралы идеяларын жетілдірді, ауырлық центрінің қозғалыс принципін толықтырды, гидравликаның негізін салды, идеал сұйықтықтың ыдыстағы тар саңылаудан ағып шығу жылдамдығын анықтайтын формуланы ойлап тапты.

Торричелли формуласы

Торричелли формуласы – ашық ыдыстағы тар саңылаудан ағып шыққан сұйықтықтың жылдамдығын () анықтайтын формула; , мұндағы g – еркін түсу үдеуі, h – саңылаудың центріне дейінгі сұйықтық деңгейінің биіктігі. Торричелли формуланың дәлірек есептеуге арналған түрі: , мұндағы  – жылдамдық коэфф. (). Торичелли формулан италиялық ғалым Э.Торричелли тапқан (1643).

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы, 8 том.

Тағы қараңыз