Хаджиева Леля
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
17:20, 2024 ж. қазанның 1 кезіндегі BilgishShezhireshiBot (Талқылауы) істеген түзету
Хаджиева Леля Әзретқызы (15.10.1960 жылы туған, Алматы қаласы) – физика-математика ғылымдарының докторы (2007), профессор (2010). ҚазМУ-ды (1982, қазіргі ҚазҰУ) және аспирантурасын (1985) бітірген. Осы оқу орнында ғылым қызметкер, ҚР ҰҒА-ның Механика және машинатану институтында аға ғылым қызметкер (1992–2002), ҚазҰУ-да доцент болған. 2008 жылдан профессор қызметін атқарады. «Механика мен машинаның деформацияланған элементтерінің геометриялық және физикалық сызықтық емес динамикасы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 90-нан астам ғылыми жарияланым мен 1 монографияның авторы.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>