Қабай

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
18:34, 2019 ж. қаңтардың 23 кезіндегі Nicklenick (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қабай, Xабай, Xа Xуанджан (1926 жылы туған) - Қытай ғалымы, ақын және аудармашы. Қытай Ғылым Академиясының аз ұлттар институтында аға ғылыми қызметкер. Бірнеше рет Қазақстанда болып, А. Құнанбаев пен М. Әуезов шығармаларымен танысқан. Қабан елуінші жылдардан Абай шығармаларын зерттеу, аудару және баспадан шығару ісімен айналысып келеді. Оның «Қазақтың ұлы ақыны - Абай» деген көлемді ғылыми мақаласы 1958 ж. «Тянь-Шань» журналының 8 санында жарияланды. 1983 ж. Пекиндегі «Шыңжаң» баспасынан арнайы алғы сөз жазып, «Абай өлеңдерінен таңдамалылар» шығарды. 1987 ж. Пекиндегі «Ұлттар» баспасынан Қабайдың «Абай және Абай шығармашылығы» деген монографиялық еңбегі жарық көрді. Ғалымның бұл кітабында ақынның өнер, поэзия, мақал-мәтелдер туралы айтқандары, демократтық, философиялық көзқарастары, дінге қатысы, аудармалары, дастандары және ғақлия сөздері жеке-жеке талданады. Осы еңбегі үшін Қабайға Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік сыйлығы берілген. Қабай Шығыс Қазақстан облысындағы Абай ауданының құрметті азаматы.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub