Иданфирс

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
04:51, 2024 ж. маусымның 9 кезіндегі Nurken (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Иданфирс<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref> (б.з.б. 516 ж.) — сақ тайпаларының билеушісі, қолбасшы.

Түркі тілінде Иданфирс ерекше, әйгілі, аса қабілетті дегенді білдіреді. Геродот Иданфирстің әкесі Саули (Савлий) немере туысы Анахарсисты ежелгі гректердің салт-дәстүрін сақтар арасында енгізбек болған әрекеті үшін садақпен атып өлтірген деп жазады. Иданфирстің I Дарийдің сақ даласына жасаған жорығы тұсындағы ерлігі жөнінде ежелгі грек, көне парсы, араб елдерінің жазбаларында айтылады. Геродот өз еңбегінде Иданфирс пен I Дарийдің кездескендегі тілдесуін әсерлі етіп баяндай отырып, сақ қолбасшысынан I Дарийдің де қашып құтылғанын жазады.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Wikify Үлгі:Stub