Рамазан Сағындықұлы Тайманов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:28, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Музыкант Рамазан Сағындықұлы Тайманов (1954 жылы 23 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданында туған) — композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2010). Қызылорданың құрметті азаматы (2012). Құрмет орденінің иегері (2017).

Толығырақ

  • Рамазан Сағындықұлы Тайманов 1954 жылы 23 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданы Шаған ауылында дүниеге келген.
  • 1989 жылы Алматыдағы П.И.Чайковский атындағы музыкалық училищенін бітірген.
  • 2003 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.
  • 1990- - 1997 жылдары Сырдария аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі болып жұмыс істеген.
  • Тереңөзек кентіндегі кәсіптік-техникалық училищеде «Гүлдерайым» ансамблін құрып, облыстық, аудандық байқауларға қатысып жүлделі орындар алған.

Шығармашылығы

  • Рамазан Таймановтың 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына байланысты шыққан «Қазақ қызы» әнімен республикаға танымал болды.
  • 1996 жылы Эстонияда өткен дүниежүзілік балалар шығармашылығы фестивалінде оның «Қызылорда жастарының әні» таңдаулы деп бағаланып, «Алтын қорға» жазылып алынды. 1997 жылы «Айналайын» фестивалінің гимні болып Р.Таймановтың «Айналайын» әні таңдалған.
  • 1999 - 2000 жылдары Республикалық «Жас қанат» байқауы мен «Азия даусы» фестивалінде «Қазағым-ай», «Қорқыт-қобыз» әндері 1-ші орын алып, Р.Тайманов «Ең үздік композитор» атағын иеленді. Белгілі әншілердің орындауындағы «Қазақ қызы», «Қазағым-ай», «Боздақтар», «Сыңсу», «Махаббат мұңы», «Махаббат көктемі», «Сен мені іздеді деп кінәлама» әндері республика жұртшылығына кеңінен таныс.

Марапаттары