Амантай Бозмағанбетұлы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Амантай Бозмағанбетұлы - (1906, Жаңаарқа ауданы - 1972) - домбырашы, әуесқой сазгер.
Өмірбаяны
Арғын тайпасы Қуандық руының Сайдалы Барқы бұтағынан шыққан.<ref>http://old-site.karlib.kz/saryarka_kyoi.pdf Үлгі:Webarchive</ref>
- Ауыл шаруашылығының әр саласында еңбек етті.
- Жасынан күйшілік дарынымен көзге түскен Амантай халық күйлерімен қатар Сары Тоқаның, Дайрабайдың, Қыздарбектің күйлерін кеңінен насихаттады.
Шығармалары
Амантайдың сонымен қатар
- «Торы ат»
- «Өмір» атты өз жанынан шығарған күйлері бар.
Ол жөнінде
Қазақ күйлері тарихын зерттеуші Т. Мерғалиев Амантайдың орындауындағы 15 күйді таспаға түсіріп, күйшілік дарынын 1972 ж. жарыққа шыққан «Домбыра сазы» атгы кітабында жоғары бағалады. <ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>