Берікбол Көпенұлы
Үлгі:Мағына Берікбол Көпенұлы (1862, Абай облысы, Абай ауданы, Мұқыр ауылы-1932,Абай облысы, Абай ауданы, Мұқыр ауылы) - әнші-ақын, күйші, биші әрі қуақы, өнерпаз. Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Аяғына бақан байлап аттылымен жарысқан. Ағашаяқ өнеріне Әуезов жас күнінен тәнті болған. Онымен талай рет кездесіп, Абай әндерін, ол туралы әңгімелерін естіген. Ол Абай туралы зерттеулерінде ұлы ақын мұрасын жинап, насихаттаушылар қатарында ағашаяқ есімін де құрметтеп атап, «Абай жолы» роман-эпопеясында әнші-өнерпаз ретінде суреттеген. Ағашаяқ шығарған «Ағашаяқ» әнін Әміре Қашаубаевтың Семейде ойын-сауық кештерінде орындағанын Әуезов талай рет естіген.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>