Ермек Мәлікұлы Құрманаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:29, 2020 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Үлгі:Музыкант Ермек Мәлікұлы Құрманаев (7.08.1980, Алматы) - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі. Қазақ.
Білімі
- Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясының оркестр аспаптары факультетін (2004) жеке орындаушы, оқытушы, ансамбль, оркестр әртісі мамандығы бойынша;
- П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын (2007) бітірген.
Қызмет жолы
- 2004 жылдан - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы
- 2009 жылдан бері - аға оқытушысы.
- 2004 жылдан бері - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі.
Жетістіктері
- Халықаралық конкурстардың лауреаты (Австрия, 1996; Польша, 1998; Франция, 2005; Ресей, 2009)
- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының лауреаты (2006).
- Қазақстанның алтын виолончелі (2006).
Отбасы
- Әкесі - Мәлік Жармаханұлы Құрманаев, Құрманғазы атындағы оркестрдің әртісі. Анасы - Толымбекова Әлия Дүйсебекқызы, үй шаруасымен айналысады.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>