Ая Жәкенқызы Қалиева
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Музыкант Ая Жәкенқызы Қалиева (1970 жылы 23 қазанда Алматыда туған) — композитор, музыкатанушы, музыка педагогы, қоғам қайраткері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Педагогика ғылымдарының кандидаты (2008). Селезнев атындағы Алматы хореграфиялық училишесінің директоры (2015 жылдан). Қазақстан композиторлар одағының мүшесі (1999 жылдан).
Толығырақ
- Ая Жәкенқызы Қалиева 1970 жылы 23 қазанда Алматыда дүниеге келген.
- 1990 жылы П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжін «Фортепиано» сыныбы бойынша бітірген.
- 1999 жылдан Қазақстан композиторлар одағының мүшесі.
- 1995 жылдан П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің оқытушысы, 1997 - 2004 жылдары осы оқу орынының бөлім меңгерушісі болды.
- 2004 - 2010 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында және Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында музыка педагогы, факултет деканы және т.б лауазымдарды атқарды.
- 2010 - 2015 жылдары П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры.
- 2015 жылдан В.А.Селезнев атындағы Алматы хореграфиялық училишесінің директоры лауазымында.
- Ая Жәкенқызы симфониялық музыка, балет және камералық музыкалық туындылардың авторы.
Марапаттары
- 2008 жылы Педагогика ғылымдарының кандидаты құрметті ғылыми атағы берілді
- Елбасының жарлығымен жоғарғы мемлекеттік награда "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді
- ҚР Білім және Ғылым министрлігінің құрмет грамотасы
- РФ-тың "Мәденит пен өнерге сіңірген еңбегі үшін" құрметті медалі
- Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері құрметті атағы
- 2011 жылы "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі
- 2015 жылы "Қазақстан Республикасының конституциясына 20 жыл" медалі