Ерлан Сахипұлы Айтуаров

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Суретші Ерлан Сахипұлы Айтуаров (5.04.1950 жыл, Ленинград) - ҚР Көркемөнер академиясының толық мүшесі. Кескіндемеші, суретші-монументші, портретші. Қазақ.

Білімі

Еңбек жолы

  • 1979 жылдан - ҚР Суретшілер одағының суретші-монументшісі.
  • 1987 жылдан - Қарағанды облыстық ҚР Суретшілер одағының мүшесі, 1991-2005 жылдары - төрағасы.
  • 1989 жылдан - Қарағанды қаласының бас суретшісі.

Шығармалары

  • «Жер ана»
  • «Шыңғысханның жебесі»
  • «Аламан бәйге» және т.б. кескіндеме жұмыстарының;
  • «Салықата»
  • «Абай» портреттік жұмыстарының авторы.
  • Тарихи картина, портрет, пейзаж жанрларында жұмыс істейді. Шыңғысханға арналған картиналар сериясын салған. Әлеуметтік ғимараттарда бірқатар қабырға сурет салған, Абылай хан монументінің (Ақмола облысы, Бурабай ауылы) және бірқатар басқа мүсіндік композициялардың авторы. Жұмыстары бүкілодақтық, республикалық, шет елдік көрмелерде экспонатқа қойылған. Суретшінің шығармалары Қазақстан, Ресей, Франция, Германия, Израиль жеке коллекцияларында сақталуда.

Қоғамдық қызметі

  • ҚР Суретшілер одағының мүшесі (1979 жылдан).
  • 2006 жылдан бері - ҚР Көркемөнер академиясының вице-президенті және мүшесі.

Марапаттары

  • ҚР мәдениетіне Еңбек сіңірген қызметкері.
  • ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері.
  • Қазақстанның Еңбек сіңірген кайраткері.

Отбасы

  • Үйленген. Жұбайы - Мазкен Жаңатайқызы Каменова, экономика ғылымдарының докторы, профессор, жоғары мектеп қызметкері.
  • Қызы - Айтуарова Дана Ерланқызы (1976 жылы туған);
  • ұлы - Айтуаров Апдияр Ерланұлы (1978 жылы туған ).
  • 3 немересі бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала