Альберт Анатольевич Гурьев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:22, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Альберт Анатольевич Гурьев (1937 ж. т.) - суретші. Қолданбалы және графика, экслибрис саласында жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері.

Абайдың 125 жылдық мерейтойына арналған альбомға ақынның «Жастықтың оты жалындап...» өлеңі бойынша салған суреті (1971, қағаз, линогравюра, Қазақтың мемлекеттік өнер мұражайы қоры) терең ақындық сезімталдықпен, астарлы әуенмен орындалған. Гурьев сол жылы ақынның балаларға арналып, «Менің алғашқы кітабым» топтамасымен жарық көрген «Жаз» деген кітабын көркемдеген (1971, «Жазушы» баспасы, суреттердің тұпнұсқасы автордың өзінде). Кітаптағы суреттерде ақын өлеңіндегі қазақ ауылының жазғы тұрмысы қанық бояулармен өрнектелген. Суретші комп. А. Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсы үшін ақынның портреті салынған жарнама әзірледі (1973).<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub