Махмұт Марипұлы Дараев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
01:40, 2023 ж. маусымның 11 кезіндегі Тұран (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Театр қайраткері Махмұт Марипұлы Дараев — 1949 жылы 1 мамырда Алматы облысы Шелек ауданы Ғайрат ауылында туған. Ұйғыр. Әкесі — Дараев Марвахун. Анасы — Дараева Бахархан. Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк училищесінің музыкалық драма факультетін бітірген (1971), солист-вокалист. Ұйғыр, қазақ және орыс тілдерін біледі. 1971 жылдан бері — Қ. Қожамияров атындағы Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрының драма әртісі. «Табассум» шоу-бағдарламасының негізін салушы. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. «Яшлық» ВАА құрамында Ленин комсомолы сыйлығын иеленген, «Блиц-мини ком» республикалық фестивалінің лауреаты. Діни көзқарасы — мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы — Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы — «Өркендеу». Хоббиі — спорт. Сүйіп оқитын әдебиеті — романдар, поэзия. Үйленген. Жұбайы — Дараева Асиям (1957 жылы туған), үй шаруасымен айналысады. Ұлы — Дараев Руслан (1977 жылы туған), тіс дәрігері; қызы — Дараева Алиям (1980 жылы туған), тіс дәрігері.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Бастама Үлгі:Суретсіз мақала