Петр Алексеевич Дубовцев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:П.А. Дубовцев М.Әуезовтің Абай спектакліндегі Ф.И. Долгополов рөлінде.jpg
П.А. Дубовцев М.Әуезовтің Абай спектакліндегі Ф.И. Долгополов рөлінде
Петр Алексеевич Дубовцев (29 желтоқсан, 1913, Ресей, Барнауыл — 17 қараша, 1988, Алматы) — актер, Бурятияның (1963) және Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1964).
Өмірбаяны
- 1938 жылы Новосибирск қаласындағы “Красный факел” драма театрының студиясын бітірген.
- 1984 жылдан Алматыдағы орыс драма театрында актер болып қызмет атқарды.
Рольдері
Алматыдағы орыс драма театры сахнасында Л.Г. Зориннің “Сарқылмас қайнар”, Н.Ф. Погодиннің “Үшінші шабыт”, М.Роговойдың “Жеңімпаз” және М.Ф. Шатровтың “Алтыншы июль” спектакльдерінде Ленин рөлін ойнаған. Дубовцев ойнаған басқа негізгі рөлдерінің арасында Достигаев (А.М.Горькийдің “Егор Булычов және басқаларында”), Иван Грозный (А.Н. Островский мен С.А. Геденовтың “Василиса Мелентьевасында”), Селищев (В.С. Розовтың “Сауыққойында”), Николай ІІ (А.Н. Толстой мен П.Е. Щеголевтің “Император қаскүнемдігінде”, т.б.) бейнелер бар.
Марапаттары
- Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1967).<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
Санат:
- Ақаулы файлдық сілтемелері бар беттер
- 29 желтоқсанда туғандар
- 1913 жылы туғандар
- Барнауылда туғандар
- 17 қарашада қайтыс болғандар
- 1988 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Қазақстан театр актерлері
- Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері
- Бурятияның еңбек сіңірген әртістері
- Бурятия театр актерлері
- Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері