Әлмира Тұрсын

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
21:06, 2026 ж. сәуірдің 13 кезіндегі Kasymov (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Кинематограф

Әлмира Тұрсын (21 қыркүйек 1990, Алматы) — қазақ актрисасы, сценарист және әйелдер коуч- профориентаторы. Ол 2019 жылы «Томирис» фильмінде басты рөл ойнап, дебют жасады.

Өмірбаяны

Әлмира Тұрсынбаева (Тұрсын) 1990 жылдың 21 қыркүйегінде Алматы қаласында туған. Ата-анасы ажырасқаннан кейін 15 жасқа дейін анасымен өсті, кейін әке орнын басқан өгей әкесі пайда болды. Орта мектепті бітірген соң Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- да оқыды, кейін ММУ-да «Бизнес әкімшілігі» мамандығы бойынша білім алды. Орталық Азия бизнес әйелдері конгрессінің ұйымдастыру комитетінің директоры болды және қазір әйелдерге мамандық таңдауда көмектесетін коуч.<ref name=":0">Толық биография және фильмография</ref>

Мансап жолы

Әлмира кинода Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи драмасында Томирис патшайым рөлін ойнап, алғаш рет экранға шықты (2019). Оған дейін бірнеше рет сериалдар мен рөлдерге шақырғанмен бас тартқан.<ref name=":2">«Томирис» фильмі туралы ресми хабарлама</ref> Сондай-ақ «Голиаф» (2022) фильмінде ойнады. Ол әлеуметтік желілерде танымал, кітап фестивальдерінде Томирис туралы үзінді оқып, қазақстандықтарға кеңес берген.<ref name=":1">Томирис рөлінде ойнайтын актриса қазақстандықтарға кеңес</ref>

Жеке өмірі

Әлмираның бойы 1,80 м. Ол Нұр-Сұлтанда (қазіргі Астана) тұрады, бір баласы бар (ажырасқан).<ref>Мансабы, университеттері, коуч қызметі. </ref> Ол қазақ тілін үйреніп, теннис жобаларына қатысқан, харассмент мәселелерін талқылаған.<ref>Tengrinews сұхбаты</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер