Лидия Тәжәдінқызы Кәден
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
15:05, 2026 ж. мамырдың 24 кезіндегі 1nter pares (Талқылауы) істеген түзету
Үлгі:Кинематограф Лидия Тәжидинқызы Кәденова (17 ақпан 1952 жылы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында туған) — актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1991).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref> Парасат және Құрмет ордендерінің иегері. Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.
Өмірбаяны
1952 жылы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында туған. 1967 жылы Ақтөбедегі мәдени ағарту училищесін бітірген. 1970-1974 жж Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының "актерлік шеберлік" мамандығы бойынша бітіріп шықты.
Білімі
Қазақ Ұлттық консерваториясынның (бұрынғы Алматы консерваториясы) "актерлік шеберлік" факультетін бітірген (1970-1974 жж).
Еңбек жолы
- 1974 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ балалар мен жасөспірімдер театрының актерлік бөліміне қабылданады. Осы кезге дейін осы қара шаңырақта еңбек етеді.
- "Тамаша" әзіл-сықақ театрында да жұмыс жасады.
Фильмдері
- 1987 - «Зять из провинции» – Софа (реж. С.Нарымбетов)
- 1988 - «Балкон» (реж. Қ.Салықов),
- 1988 - «Восхождение на Фудзияму» (реж. Б.Шәмшиев),
- 2009 - «Город мечты» – Газиза
- 2013 - «Женский доктор-2» - Гульнар (реж. А.Гойда, И.Громозда)
Марапаттары
- ҚР мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері
- 2016 - "ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі
- 2015 - Парасат ордені
- 2015 - "Еңбек ардагері" медалі
- 2005 - Құрмет ордені
- 1991 - Қазақ КСРнің еңбек сіңірген артисі