Зинаида Игнатьевна Морская

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:20, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Зинаида Игнатьевна Морская (1.5.1884/85, қазіргі Беларусь, Могилев облысы Климович қ. - 6.11. 1966, Алматы) - актриса, Қазақстанның халық артисі (1940). 1910 ж. Петербургтің Суворин театр мектебін бітірген соң Украина, Ресей, Өзбекстан, Қазақстанда болып, бірқатар орыс театрлары құрамында ойнады. Азамат соғысы жылдары (1920 - 1921) З-Түркістан атқыштар дивизиясының көшпелі театры жұмысына ат салысты. 1933 ж. қазіргі Алматы қаласындағы Мемл. акад. орыс драма театрының құрамына қабылданып, ол осы театрда өмірінің соңына дейін қызмет етті. М. әсіресе орыс классик. драматургиясы бойынша қойылған спектакльдерде өткір мінезді, тұрмыстық және комедия рольдерді шебер орындады: ол Островский пьесаларында кеп ойнап, үлкен табысқа жетті. Азамат соғысы жылдары М. Қызыл Әскер бөлімшелерінде, госпитальдар мен шақыру пункттерінде қойылған кон-церттерғе белсене қатысып, өнер көрсетті. Киноға түскен. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify