Болат Мәзімбайұлы Әбділманов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:12, 2026 ж. наурыздың 29 кезіндегі Erkokshe (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Кинематограф Болат Мәзімбайұлы Әбділманов (1960 жылы 12 қарашада Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Қаракөз ауылында туған) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2001). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. "Құрмет" Орденінің иегері.

Өмірбаяны

Әкесі - Әбділманов Мәзімбай, марқұм, қойшы болған. Анасы - Әбділманова Шарбану, марқұм, қойшының көмекшісі.

Ойнаған рольдері

  • «Абай» (Абай),
  • «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» (Қодар)
  • «Томирис» (Мард),
  • «Айман - Шолпан» (Арыстан),
  • «Тойдан қайтқан қазақтар» (Қошқарбай),
  • «Геростратты ұмыту» (Тиссаферн),
  • «Қамар сұлу» (Оспан) спектакльдерінде ойнаған.
  • «Қазақфильм» киностудиясы түсірген:
  • «Ақын арманы» (Торайғыров),
  • «Шәкәрімнің соңғы күні» (Қарасартов),
  • «Заманай» (Есет),
  • «Асауға тұсау» (Петручио),
  • «Құланның ажалы» (Иемберген) кинофильмдерінде,
  • «Шегіртке» (Дастанов) телесериалында, т.б. рөлдер орындаған.

Қоғамдық қызметі

  • Театр қайраткерлері одағының мүшесі.

Марапаттары

Отбасы

  • Үйленген. Жұбайы - Базарлинова Айгүл (1972 жылы туған).
  • Қыздары - Әбділманова Жамал (1983 жылы туған), Әбділманова Ақмарал (1984 жылы туған), Болатқызы Ақерке (2004 жылы туған);
  • ұлдары - Болатұлы Иманғали (2000 жылы туған), Болатұлы Ақнұр (2002 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub