Рубен Суренович Андриасян

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:19, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Кинематограф Рубен Суренович Андриасян (31 қазан 1938, Нальчик25 мамыр 2022) — режиссер, педагог, Қазақстан халық әртісі (1992).

Өмірбаяны

Әкесі - Андриасян Сурен Николаевич (1904-1956). Анасы - Андриасян Анна Лезеревна (1908-1992). 1963 жылы театр және телевизия режиссурасы бойынша Ереван мемлекеттік театр-көркемөнер институтын бітірген.

Еңбек жолдары

Қойылымдары

“Тифлистегі үйлену тойы” (А. Цагарели, 1974), “Жас гвардия” (А. Фадеевтің романы бойынша, 1975), “Маусымдағы қоштасу” (А. Вампилов, 1975), “Жанасу” (Р. Ибрагимбеков, 1975), “Еске алу дұғасы” (Шолом-Алейхом, 1990), “Сирано де Берже рак” (Э. Ростан, 1983), “Ит жүрегі” (М. Булгаков, 1988), “Ағайынды үш қыз” (А. Чехов, 1992), “Сараң” (Ж. Мольер, 1994), “Эзоп” (Г. Фигей редон, 2000) “Ымырттағы махаббат” (Г. Гауптман, 2002), т.б. спектакльдер.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2005. – 656 б. ISBN 9965-26-095-8</ref>

Марапаттары

  • Еңбек Қызыл Ту
  • Достық (РФ)
  • «Парасат» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
  • ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
  • Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты.
  • ҚР Халық әртісі.

Жұбайы - Андриасян Валентина Ивановна (1946 жылы туған), педагог. Ұлы - Андриасян Армен (1967 жылы туған); қыздары - Анна (1969 жылы туған), Карина (1980 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер