Росс Линч

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:09, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Музыкант Росс Шор Линч (Үлгі:Lang-en; 29 желтоқсан 1995; Литтлтон, Колорадо) — америкалық актёр және музыкант. Ол «R5» поп рок тобының жетекші вокалисті болған және ол ағасы Рокки Линчпен The Driver Era деген топтың құрамында.

Ерте өмірі

Линч Колорадо штатының Литтлтон қаласында туып өскен. Ол бес аға-інілердің ішінде (бауырлары Райделанд, Райкер, Рокки және Райланд) екінші кенжесі. Ол үйде төртінші сыныптан бастап гитара мен фортепианода ән айтуды үйренді. Линч — әртістер Дерек Хау және Джулианна Хаудың бөлесі.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Bobbin, Jay (2015-03-16), "'Dancing With the Stars' Julianne Hough wants to be truthful without tearing the dancers apart," Үлгі:Webarchive Zap2it.</ref> Линч және оның отбасы 2007 жылы Лос Анжелеске көшті.<ref>"25 Facts On Ross Lynch," Үлгі:Webarchive popstaronline.com, 2016-05-18.</ref>

Музыкалық мансабы

Сурет:Ross Lynch Loud.jpg
Линч 2013 жылы R5's Loud Tour-да

Линч оның бауырларымен және отбасының досы Рэтлиффпен бірге құрған R5 музыкалық тобының жетекші вокалисті.<ref name=denverpost>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Bobbin, Jay (March 16, 2015), «'Dancing With the Stars' Julianne Hough wants to be truthful without tearing the dancers apart» Үлгі:Webarchive Zap2it.</ref>.

Линч фортепианода, барабанда және басста ойнайды; ол гитарамен айналысады. Ол Оңтүстік Калифорния би компаниясы құрған Rage Boyz Crew тобына биледі<ref name="billboardbio">Үлгі:Cite web</ref>.

2010 жылы R5 тобы «Ready Set Rock»<ref name="R5HollywoodRecords">Үлгі:Cite web</ref> атты EP шығарды.

Кейін, топтың ресми уеб сайтында R5 тобының «Hollywood Records»-пен келісімшартқа отырғаны белгілі болды. Олардың дебютті Louder атты альбомы 2013 жылдың қыркүйек айында шықты. 2014 жылдың шілде айында бұл топ екінші «Heart Made Up On You» атты альбомын шығарды. 2014 жылдың қараша айында «Smile» атты сингл шықты. 2016 жылы «Something last night» атты жаңа альбомы шықты. Ал 2017 жылдың мамыр айында бес өлеңнен тұратын жаңа «NEW ADDITIONS» альбомы шықты. 2017 жылдың қазан айында топ «HURTS GOOD»<ref>Үлгі:Cite web</ref> өлеңіне клип түсірді.

2014 жылы 3 қарашада Буэнос-Айрестегі концертінен алғашқы видео шықты.

2018 жылы Линч үлкен ағасы Роккимен американдық поп рок дуэт «The Driver Era»-ны құрады.

2018 жылдың 1 ақпанында R5 өздерінің YouTube-те «Соңғы шоу» атты бейнеролигін жариялады. 1 наурызда R5-тің Instagram және Twitter атаулары «Жүргізуші дәуірі» болып өзгертілді және R5-дің барлық алдыңғы жазбалары жойылды. 2 наурызда Жүргізуші дәуірі тек Росс пен Роккиден тұратын топ болатыны туралы хабарланды.

Әртістік мансап

2011 жылдың басында Линч Дисней арнасына, «Остин және Элли» сериалына түсуге шақырылды. Ол сериалда басты ер рөлін, жасөспірім әнші, интернеттегі видеосы арқылы сенсацияға айналған — Остин Мунды ойнауы керек еді. Арна оның осы рөлді ойнауын құптап, 1 маусымның өндірісіне кірісіп кетті<ref name="HRrenew2">Үлгі:Cite news</ref><ref>«Laura Marano Says Filming the 'Austin & Ally' Series Finale Was 'So Emotional',» Үлгі:Webarchive People’s Choice, December 17, 2015.</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>. Бұл телешоудың алғашқы маусымы 2011 жылдың желтоқсан айында шығып, шоудың екінші маусымға созылатыны жарияланды. Екінші маусым 2012 жылдың наурыз айында жарық көрді. 2012 жылдың басында Линч Дисней арнасының «Teen Beach Movie» атты жаңа фильмнің түсіріліміне дайындалып жүрді. Бұл фильмде ол басты ер рөлін, Брейд кейіпкерін ойнады. Фильм 2013 жылы 19 шілдеде шықты<ref>Farley, Christopher John (July 17, 2013), "'Teen Beach Movie' Star Ross Lynch Shows His Moves, " The Wall Street Journal.</ref>.

2017 жылдың жазында Линч өзінің мансабындағы ең басты фильмде түсірілімін аяқтады. «Менің досым Дамер» атты фильмде ол қанішерді ойнады.

Фильмдер тізімі

Фильм

Жыл Қазақша атауы Түпнұсқа атауы Рөлі Түрі
2010 Grapple! Аарон Қысқа фильм
2011 A Day as Holly's Kids Holly's Actual Kid Қысқа фильм
2014 Muppets Most Wanted Жас флорист/Тұйық жасөспірім <ref name="ibtimes">Үлгі:Cite web</ref>
2016 Қарлы уақыт! Snowtime! Пирс Дыбыстау
2017 Менің досым Дамер My Friend Dahmer Джеффри Дамер Басты рөл
2018 Статустың жаңаруы Status Update Кайл Мур<ref name="D-SU">Үлгі:Cite web</ref> Басты рөл

Телевидение

Жыл Қазақша атауы Түпнұсқа атауы Рөлі Түрі
2009 Мұса ережесі! Moises Rules! Росс "Босс" "Mad B-Ball shootout" эпизоды
2011—2016 Остин және Элли Austin & Ally Остин Мун Сериал
2012 Джесси Jessie Остин Мун "Austin & Jessie & Ally All Star New Year" эпизоды
2013 Жасөспірім. Жағажай. Фильм Teen Beach Movie Брейди Теле-фильм
2013 Ұлы Өрмекші-Адам Ultimate Spider-Man Джек Рассел "The Howling Commandos" эпизоды
2015 Виолетта Violetta Өзін ойнайды 3 эпизод
2015 Жасөспірім. Жағажай. Фильм Teen Beach 2 Брейди Теле-фильм
2015 Қыз әлеммен танысуда Girl Meets World Остин Мун "Girl Meets World of Terror 2" эпизоды
2018—2020 Сабринаның салқын оқиғалары Chilling Adventures of Sabrina Харви Кинкл Басты рөл

Марапаттар мен номинациялар

Жыл Марапат Санат Жұмыс Нәтиже
2013 Nickelodeon Kids' Choice Awards Favorite TV Actor Остин және Элли Үлгі:Won
Radio Disney Music Awards Best Music Video Heard It On The Radio Үлгі:Won
Funniest Celebrity Take Өзі Үлгі:Nom
2014 Nickelodeon Kids' Choice Awards Favorite TV Actor Остин және Элли Үлгі:Won
Teen Choice Awards Choice TV Actor: Comedy Остин және Элли Үлгі:Won
2015 Nickelodeon Kids' Choice Awards Favorite TV Actor Остин және Элли Үлгі:Won
Teen Choice Awards Choice Music: Song from a Movie or TV Show
Үлгі:Small
Жасөспірім. Жағажай. Фильм Үлгі:Номинация
Choice Summer TV Star: Male Жасөспірім. Жағажай. Фильм Үлгі:Номинация
Choice TV: Chemistry Үлгі:Small Остин және Элли Үлгі:Номинация
Choice TV Actor: Comedy Остин және Элли Үлгі:Won
2016 Nickelodeon Kid's Choice Awards Favorite Male TV Star: Kid's Show Остин және Элли Үлгі:Won
Teen Choice Awards Choice TV Actor: Comedy Остин және Элли Үлгі:Won
2019 Teen Choice Awards Choice Sci-Fi/Fantasy TV Actor Сабринаның салқын оқиғалары Үлгі:Номинация <ref>Үлгі:Cite web</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер