Карлос Пена

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:08, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Музыкант Карлос Роберто ПенаВега (Үлгі:Lang-en.; 15 тамыз, 1989; Колумбия, АҚШ) — американдық әнші, актер және биші. «Табысқа алға» сериалындағы Карлос Гарсианың рөлімен танымал болды. «Big Time Rush» тобының бұрынғы мүшесі.

Өмірбаяны

Балалық шағы

Карлос Миссури штатындағы Колумбия қаласында дүниеге келді. Флорида штатындағы Вестон қаласында балылық шағы өтті. Жастайынан актерлік шеберлікке құштар болды. Әкесінде испан және венесуалық, ал анасында доминикандық қандар бар.

Мансабы

Мектепте оқып жүре, Карлос су ататын тапаншалардың жарнамасында түскен. Оның беті ойыншықтардың сыртында болды. Пена Бостондық консерваторияда оқыды. Оның менеджері «Big Time Rush» сериалындағы рөлге жазып қойған. Карлос барғысы келген жоқ. Бірақ, сосын тыңдалымға барып, 2 айдан кейін Карлос Гарсианың рөлін ойнайтынын білді. 2009 жылы Голливудқа көшті.

2014 жылдың ақпан айында «Electrico» деген сингл шығарды. Бұл синглды «PenaVega» атты лақап атымен шығарды.

Жеке өмірі

2010-2012 жылдары актриса Саманта Дроукпен кездесті.

2012 жылдың соңынан бастап, Карлос актриса – Алекса Вегамен кездесіп, 2013 жылдың қыркүйегінде жұп аттасты. 2014 жылдың 4 қаңтарында Карлос пен Алекса Мексикадағы Пуэрто-Вальярте қаласында үйленді. Екеуі тектерін қосып, қазір ПенаВега (ағылшын. PenaVega) тегімен жүр.

Фильмографиясы

Жылы Қазақша атауы Шынайы атауы Рөлі
2004 Жедел жәрдем ER Арло Эскобар
2005 Әділетті Эми Judging Amy Диего Вальдесера
2005 Шексіз жаз Summerland студент
2009-2013 Табысқа алға Big Time Rush Карлос Гарсиа
2011 Қайырлы түн, Ай Little Birds Луис Эстес
2012 Биг Тайм Фильм Big Time Movie Карлос Гарсиа
2013 Мадагаскардан шыққан

Пингвиндер

The Penguins of

Madagascar

тыңдалым
2013 Марвин Марвин Marvin Marvin
2014 Роботтың өмірі La Vida Robot Оскар Васкес

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер