Кевин Джонас

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:02, 2023 ж. желтоқсанның 16 кезіндегі Crystal8unicorn (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Музыкант Пол Кевин Джонас II (Үлгі:Lang-en; 5 қараша 1987, Каса-Гранде, Аризона, АҚШ) — америкалық әнші және актер. «Jonas Brothers» тобының бұрынғы мүшесі.

Өмірбаяны

Пол Кевин Джонас II – Джонас ағайындыларының ең үлкені. АҚШ-тағы Нью-Джерси қаласында дүниеге келді. Джо мен Кевин, кішкентай бауырлары Ник арқылы танымал болды. 2005 жылы Никтың өлең айтқанын «Columbia Records» компаниясы естіп, танымал қылды.

2007 жылдың мамыр айында Кевин, Даниэль Делиспен танысты. 2009 жылы жұп аттасқаны туралы айтты. 2013 жылдың шілде айында Даниэльдің екіқабат екенін Кевин әлеуметтік желіде жариялады. 2014 жылдың 2 ақпанында Кевин мен Дани ата-ана атанды. Баласының атын – Элина Роул Джонас деп қойды. Баланың екінші атын Даниэльдің қайтыс болған әжесінің атын қойды.

Мансабы

2005 жылы «Jonas Brothers» тобы жарыққа шықты. Жасөспірім қыздардың жүрегін жаулап алды. 2008 жылы ағайындыларды «Рок в летнем лагере» фильміне шақырды. 2010 жылы бұл фильмнің екінші бөліміне түсті.

Фильмографиясы

  • 2006 — Ханна Монтана – өзін ойнайды
  • 2008 — Camp Rock — Джейсон.
  • 2009 — Jonas Brothers: The 3D Concert Experience
  • 2009 — J.O.N.A.S – өзін ойнайды.
  • 2010 — Jonas L.A. – өзін ойнайды.
  • 2010 — Camp Rock 2 — Джейсон.
  • 2012 — Married To Jonas – өзін ойнайды.

Дискографиясы

  • «It’s About Time» — 2006
  • «The Jonas Brothers» —2007
  • «A Little Bit Longer» —2008
  • «Lines, Vines and Trying times» — 2009
  • «Jonas L.A.» — 2010
  • «Jonas Brothers The 3d concert experience» — 2009

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер