Ансэл Элгорт

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:08, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Кинематограф Энсел Эльгорт (Үлгі:Lang-en; туылды: 14 наурыз 1994; Нью-Йорк, АҚШ) — американдық актер, әнші, диджей.

Мансабы

Энсел Элгорттың карьерасы актер ретінде тек 2013 жылы басталды. Ол алғаш рет «Телекинез» фильмінде Томми Россаның рөлін сомдайды. Телекинез фильмінде оның әріптестері атақты жас актриса Хлоя Грейс Морец және Джулианна Мур болған. Энселдің екінші түскен фильмі Дивергент фильмі. Онда ол басты кейіпкер Беатристің ағасы Калеба Прайор болады. Келесі түскен фильмі Жұлдыздар кінәлі. Энсел Эльгорт онда ең басты рөлді сомдап көрерменнің сүйікті актерына айналып үлгерді. Қазіргі уақытта Дивергент фильмінің жалғасына түсіп жатыр.

Жеке өмірі

Энселдің әкесі атақты фотограф Vogue Артур Эльгорт, ал анасы - продюсер, режиссёр және хореограф. Сонымен қатар оның Уоррен атты бауыры және Софи деген сүйкімді қарындасы бар. Энселдің сүйікті хоббиі музыкамен айналысу. Оның өзінің жеке студиясы бар, сонымен қатар Энселдің Ansolo атты музыкалық группасы бар.<ref>Энсел Эльгорт Үлгі:Webarchive</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Бастама