Елена Апина

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:07, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Музыкант Елена Евгеньевна Апина (Алёна Апина есімімен танымал; 23 тамыз 1964 ж., Саратов, КСРО) – Ресей эстрада әншісі, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі (2002 ж). 1964 жылы 23 тамызда Саратов қаласында дүниеге келген. Бес жасынан бастап музыкамен әуестене бастайды; музыкалық мектепті бітіріп, Саратов музыкалық училищесінде фортепиано сыныбын бітіреді. 1991 жылы жеке шығармашылықпен жұмыс жасай бастап, «Ксюша» әнін жаздырады. Ән аз уақыт ішінде хитке айналады. Кейінірек Мәскеу мемлекеттік концерт бірлестігінің солисті болады. Апина көптеген ресейлік қалаларда, сондай-ақ Ирландия, Франция, АҚШ, Израиль мемлекеттерінде гастрольдік сапарларда болып тұрады.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Wikify Үлгі:Stub