Әли Төлемісұлы Құрманов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:07, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Кинематограф

Әли Төлемісұлы Құрманов (1901, қазіргі Ақтөбе облысы Шалқар ауданы - 1968, Алматы) — әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1936). 1934 ж. Алматы қаласында өткен Бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының 1-слетінде өнер көрсетті. Құрмановтың репертуарында халық әндері ("Әлди-ау", "Сусар-ай", "Молдабай", "Сүмбіл шаш", "Он алты қыз", т.б.), термелер, халық композиторларының әндері мен желдірмелері болды. Гастрольдік сапармен Қырғызстанда, Өзбекстанда, Түрікменстанда болған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> Сарышолақ ақынның соңғы шәкірті.

Астана қаласының бір көшесі Әли Құрманов көшесі атына ие болды.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Wikify