Владимир Анатольевич Вохмянин

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
17:33, 2021 ж. шілденің 24 кезіндегі Мықтыбек Оразтайұлы (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ambox Владимир Анатольевич Вохмянин (27 қаңтар 1962 ж., Теміртау, Қарағанды облысы, Қаз КСР, КСРО) — Нысана көздеуден КСРО-ның және Қазақстанның спортшысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1992 жылғы Барселонада өткен Жазғы Олимпиада ойындарының және 1996 жылы өткен Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.ЕСЖ-сы (2000).

Жетістіктері

  • 1982 жылғы Еуропа жеңімпазы
  • 1982 және 1986 жылдардағы әлем жеңімпазы
  • Әлем кубогының иегері
  • XXV және XXVI Олимпиадаларының қола жүлдегері
  • Қазақстаннан бірінші болып, тапаншамен жылдамдыққа атудан Барселонада өткен XXV Олимпиадада қола жүлдеге ие болды(1992, Барселона, Испания).
  • 1980 жылы КСРО кубогінде үшінші орынды алды
  • Еуропа біріншілігіне қатысып, жастар арасында алтын алқаның иесі болды
  • "Алтын алқа" игері атанған соң спортшы Олимпиадалық топқа кірді.<ref>Сіз білесіз бе? «Аруна ltd.» ЖШС, 2013 жыл</ref>

Спортпен 1974 ж. бастап айналысты. Қазақстан оқушылары спартакиадасының жеңімпазы (1975), КСРО кубогының қола жүлдегері (1980, Сухуми). Республиканың бірнеше мәрте чемпионы, Әлем біріншілігінің жеңімпазы (1982, Рим). Әлем кубогы ақтық сайысының күміс жүлдегері (1993, Мюнхен, Германия). XII Азия ойындарының (1994, Хиросима, Жапония) жеңімпазы. Азия чемпионы (1995, Джакарта). Әлем кубогы ақтық сайысының жеңімпазы (1996, Швейцария). XXVI Олимпиялық ойындардың қола жүлдегері (1996, Атланта, АҚШ). Әлем кубогы ақтық сайысының күміс және қола жүлдегері (1997, Лугано). 11-Орталық Азия ойындарының жеңімпазы (1997, Алматы). Азия ойындарының күміс жүлдегері (1998). Республиканың оқпен ату бойынша құрама командасының бас жаттықтырушысы (1996-2006 ж.).<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер