Ирина Андреевна Эктова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:55, 2023 ж. қарашаның 11 кезіндегі Орел Карл (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Жеңіл атлетші Үлгі:Медальдар Ирина Андреевна Литвиненко (тұрмысқа шыққанда — Эктова; 8 қаңтар 1987, Петропавл, Солтүстік Қазақстан облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық жеңіл атлетші (үш рет қарғып секіру), Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Өмірбаяны

Ирина Литвиненко-Эктова – үш рет қарғып секіру бойынша маманданған Қазақстан Республикасының халықаралық спорт шебері. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін жақтайды. Жаттықтырушылары: А.Н. Эктов.

И.А.Литвиненко — 2008 жылы Бейжіңде, 2012 жылы Лондонда, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода және 2020 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы. Ол үш әлем чемпионатына: Берлинде (2009), Тэгуде (2011) және Ыстанбұлда (2012) қатысты. Бірақ медалдарды Азия чемпионаттарында ғана ала алды. 2011 жылы Г.Косанов мемориалда 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиадаға лицензия алды.

2018 жылдың 1 ақпанында Тегеранда өткен жабық ғимараттағы Азия чемпионатында Ирина үш рет қарғып секіруден 13,79 метр көрсеткішпен алтын медаль жеңіп алды<ref>Азия чемпионатында жерлесіміз жеңіске жетті</ref>.

Үздік нәтижелері

Отбасы

Ирина тұрмысқа шыққан. Күйеуі — Евгений Эктов — қазақстандық жеңіл атлетші (үш рет қарғып секіру), Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы. Қызы — Яна (2010 жылы туған).

Сілтеме

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер