Динара Рамазанқызы Сәдуақасова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:02, 2026 ж. сәуірдің 5 кезіндегі InternetArchiveBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Шахматшы Динара Рамазанқызы Сәдуақасова (31 қазан 1996, Астана, Қазақстан) — қазақстандық шахматшы, әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер (2012).

Динара Сәдуақасова шахматта ойнауды бес жасында үйренген. Шындап он жасында қатыса бастаған. Шахматтан басқа музыка, теннис, жүзумен айналысады. Тілдерді үйренеді. Орта мектепті үздік бітірген. 11 жасында музыка мектебінің фортепиано класын үздік дипломмен бітірді.

Қазақстанның әйелдер арасында ең жас гроссмейстері (гроссмейстер 2012 жылы 16 жасында атанды)<ref>[http://zonakz.net/articles/59609?mode=reply/about/шахматшы Динара Сәдуақасова Қазақстанның әйелдер арасында ең жас гроссмейстері атанды</ref>

2011 жыл — «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталуы<ref>Динара Сәдуақасова «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталдыҮлгі:Deadlink</ref>

«Жастар-2011» жастар сыйлығын «Жылдың жас спортшысы» байқауында жеңіп алды<ref>2011 жылдың Үздік жас спортшысы Үлгі:Webarchive</ref><ref>Қазақстанның ең үздік жас ғалымы құс тұмауына қарсы вакцина құрушы атанды. Ғылым. Tengrinews.kz</ref>

«Интеллектуальная нация — 2011» форумының спикері.<ref>Спикер Форума «Интеллектуальная нация — 2011»</ref>

8 наурызға арналған Қазақстан Республикасы Президентімен мерекелік кездесуге қатысушысы (07.03.2012)<ref>Қазақстан Президенті 8 наурыз мерекесімен құттықтады</ref><ref>8 наурыз күні Республика Президентімен отырыста Динара Сәдуақасова спортшылар қауымының атынан барды</ref>

2013 жылғы «SportReview» журналына сәйкес үздік спортшы атанды.

" Караван " газеті бойынша 2014 жылдың үздік спортшысы деп танылды.<ref>Спорт-2014: итоги, страсти, сенсации Үлгі:Webarchive</ref>

2014 жылдың наурыз айында Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Гроссмейстер Динара Сәдуақасова кубогы» шахмат турнирі өтті<ref>Прошёл Кубок гроссмейстера Динары Садуакасовой Үлгі:Webarchive</ref>

2014 жылдың жазында өзінің стипендиясына өз тарапына негізделген «Шахматтан алғашқы қадамдар» кітабын жариялады<ref>Динара Сәдуақасова шахмат ойнауға үйрететін бірінші кітаптың авторы атанды Үлгі:Webarchive</ref>

«Респект спортсмен» («Халық таңдаулысы 2014») санатындағы ұлттық сыйлығының лауреаты<ref>Динара Сәдуақасова «Респект спортсмен» иеленді</ref>

«Отважная пешка», «Белая ладья», «Мемориал П. Измайлова» (Ресей), «Х. Омарованы еске алу» (Қазақстан), «Г. Агзамованы еске алу» (Өзбекстан), «Мемориал Л. Руденко-2009» Халықаралық турнирлерінің бірнеше дүркін чемпионы.

2016 жылдан қазақстандық оқушылар Динара Сәдуақасованың «Шахматтың алғашқы қадамдары» кітабымен шахмат үйренеді<ref>Казахстанские школьники будут учиться шахматам по книге Динары Садуакасовой Үлгі:Webarchive</ref>

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында 2016 жылғы желтоқсанда Динара Сәдуақасова ерекшеленген бір топ мәдениет пен өнер өкілдерімен бірге «Құрмет» орденімен марапатталды <ref>Государственный секретарь Казахстана Гульшара Абдыкаликова вручила госнаграды известным личностям страны</ref>.

Шахматтағы жетістіктері

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер