Серікбай Біләлұлы Темірбаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Темірбаев Серікбай Біләлұлы<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref> (1961 жылы туған, Көкшетау қаласы) – шахматшы, гроссмейстер (1994), КСРО спорт шебері (1986). Бапкері – В.Смоквин. Қазақстанның 6 дүркін чемпионы, Азия чемпионы (1993) және күміс жүлдегері (1995), 1992 – 2004 ж. олимпиадаға қатысқан. Әлемдік шахмат олимпиадасында (1992, Манила, филиппиндер) 3-орынды иеленді, көптеген халықар. турнирлердің жүлдегері. Көкшетау қаласында Т. атындағы шахмат мектебі ашылған. ҚР шахмат федерациясының вице-президенті, бапкерлер төралқасының төрағасы.
Дереккөздер
<references/>