Эльдар Маратұлы Әбдірахманов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:06, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Футболшы Эльдар Маратұлы Әбдірахманов (19 қаңтар 1987 жыл) — қазақ футболшысы, "Атырау" клубының жартылай қорғаушысы.

Карьерасы

Карьерасын 2006 жылы "Ақжайық" клубынан бастады. 2006 жылы Қазақстан чемпионатында үш рет алаңға шықты. Тұңғыш рет 26 сәуірде Қазақстан кубогында "Тобылға" қарсы ойнады. Бұл ойында "Ақжайық" 0:2 есебімен ұтылып қалды.

2008 жылы бір маусым "Ордабасыда" доп тепті. 15 наурыз күні "Есіл-Богатырге" қарсы ойында тұңғыш рет шымкенттік клуб сапында алаңға шықты. 19 сәуір күні "Оқжетпес" қақпасына алғашқы голын соқты.

2009 жылы туған клубына қайта оралды. Бұл маусымда "Ақжайық" бірінші лигада ойнады. 2009 жыл Эльдар үшін сәтті болды, сегіз рет қарсыластар қақпасын дәл көздеді.

2016 жылы 29 қазанда "Ақжайық" сапындағы соңғы ойынын өткізді. Бұл ойында "Ақжайық" 2:0 есебімен "Жетісуды" ұтты.

2017 жылы "Атырауға" ауысты. 12 наурыз күні бұрынғы клубы "Ордабасыға" қарсы ойында тұңғыш рет "Атырау" сапындағы тұңғыш ойынын өткізді.

Жетістіктері

  • Қазақстан кубогының финалисі: 2017, 2018

Үлгі:Бастама