Мардан Тіленұлы Төлебек

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
14:32, 2023 ж. қыркүйектің 19 кезіндегі Мықтыбек Оразтайұлы (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Футболшы Мардан Тіленұлы Төлебек (18 желтоқсан 1990, Шымкент, КСРО) — қазақ футболшысы, "Оқжетпес" клубының жартылай қорғаушысы.

Карьерасы

Клубтық

Шымкент футболының түлегі. 2008 жылдан "Ордабасы" клубының жастар командасында ойнай бастады. Көп ұзамай негізгі команданың мүшесі болды. 2010 жылы 11 қыркүйек күні "Жетісуға" қарсы ойында тұңғыш рет негізгі құрамда алаңға шықты. Бірақ ол маусымда тек екі ойынға ғана қатыса алды.

2011 жылдың бірінші жартысын екінші дивизиондағы "Тарлан" клубы сапында өткізіп, 14 кездесуге қатысты. Маусым ортасында "Ордабасыға" қайта оралды.

2011 жылы Қазақстан кубогының иегері атанды.

2015, 2016 жылдары УЕФА Еуропа Лигасының іріктеу кезеңдерінде ойнады. 2015 жылы Израильдің "Бейтар" клубымен ойында еуротурнирлердегі тұсауы кесілді, келесі маусымда Сербияның "Чукарики" клубына қарсы бірінші іріктеу раундында екі кездесуде де алаңға шықты, сырт алаңда өткен бірінші ойынның 58-минутында ескерту алып<ref>http://footballfacts.ru/matches/1850376-0-3</ref>, келесі минутта алмастырылды. Бұл спаррингте "Ордабасы" жеңіліп қалды (0:3, 3:3).

2021 жылдың басында премьер лига дебьютанты "Тұранға" ауысты.

Ұлттық құрамада

Қазақстанның 21 жасқа дейінгі құрамасында доп тепті. 2014 жылы негізгі құраманың бапкері Юрий Красножан құраманың оқу-жаттығу жиындарына шақырғанымен, алаңға шыға алмады.

Жетістіктері

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

Үлгі:Бастама Үлгі:Суретсіз мақала