Айбол Ерболатұлы Әбікен

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:40, 2026 ж. қаңтардың 26 кезіндегі Мықтыбек Оразтайұлы (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Футболшы Айбол Ерболатұлы Әбікен (1 маусым 1996 жыл, Алматы, Қазақстан) — қазақстандық футболшы, "Ақсу" футбол клубы мен Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының жартылай қорғаушысы.

Карьерасы

Клубтық

2017 жылы "Қайрат" клубының негізгі құрамына қабылданды. Бұл маусымда негізгі клубта 4 кездесуде алаңға шықты. Халықаралық матчтардағы дебютін 6 шілде күні УЕФА Еуропа Лигасының екінші кезеңінде Литваның "Атлантас" клубына қарсы сырт алаңда өткізді.

2018 жылғы Қазақстан Суперкубогында "Астанаға" қарсы матчта протоколда болғанымен қосалқы құрамда қалды. Бұл ойында "Қайрат" 0:3 есебімен ұтылып қалды.

Ұлттық құрама

Қазақстанның 21 жасқа дейінгі құрамасында бірнеше ойында алаңға шықты. 2018 жылы наурыз айында Ұлттық құраманың бапкері Станимир Стоилов Айболды құрамаға шақырғанымен ойынға қоспады. Тек 2019 жылы құрама тізгінін Михал Билек ұстаған соң ғана алаңға шыға бастады. Тұңғыш ойынын 2019 жылы 9 қыркүйекте Ресейге қарсы өткізді.

Тұңғыш голын 2020 жылы 15 қарашада сырт алаңда УЕФА Ұлттар Лигасында Албания құрамасының қақпасына соқты. Алаң ортасынан теуіп қақпаны дәл көздеді.

Жетістіктері

Командалық

  • Қазақстан кубогы: 2017
  • Қазақстан чемпионатының вице-чемпионы: 2017, 2018, 2019
  • Қазақстан чемпионы: 2020

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

Үлгі:Бастама Үлгі:Сыртқы сілтемелер