Сергей Сергеевич Остапенко

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:06, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Футболшы Сергей Сергеевич Остапенко (23 ақпан 1986 жыл, Алматы) — қазақстандық футболшы, шабуылшы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.

Карьерасы

Карьерасын "Цесна" клубында (кейін команда атауы "Алматы" боп өзгертілді) бастаған. Осы клуб сапында жүріп, 2006 жылы ұлттық құрамаға шақыртылды. Құрама сапында 2007 жылы маусымда Әзірбайжан құрамасына қарсы ойында алаңға шықты. Бұл ЕУРО-2008 турнирінің іріктеу матчы болатын. 2007 жылы 21 қараша күні Ереванда Арменияның қақпасына алғашқы голын енгізді (бұл ойында Қазақстан 1:0 есебімен ұтты).

2008 жылы қаңтарда Максим Жалмағамбетов екеуі Бельгияның "Антверпен" клубына жалға берілді. Бірақ негізгі құрамға іліге алмай, жыл ортасында "Алматы" клубына қайта оралды.

2014 жылы 28 жасында "Қайсарда" ойнап жүріп карьерасын аяқтады.

Жетістіктері

  • Қазақстанның күміс жүлдегері: 2007, 2011
  • Қазақстан кубогы: 2006, 2007, 2010, 2012
  • Интертото кубогы: 2007
  • Достастық елдері кубогының финалисі: 2009

Жеке өмірі

Әйелінің аты - Анна. Балалары: Семен мен Полина.

Ұлттық құрамадағы голдары

1 21. 11. 2007 Республикалық, Ереван Армения 1-0 ЕУРО-2008 іріктеуі
2 20. 08. 2008 Орталық, Алматы Андорра 3-0 ӘЧ-2010 іріктеуі
3 20. 08. 2008 Орталық, Алматы Андорра 3-0 ӘЧ-2010 іріктеуі
4 6. 09. 2008 Орталық, Алматы Украина 3-1 ӘЧ-2010 іріктеу
5 9. 02. 2011 Анталья стэдиум Беларусь 1-1 Жолдастық
6 6. 09 2011 Тофик Бахрамов, Баку Әзірбайжан 3-2 Еуро-2002 іріктеуі