Александр Генрихович Бородюк

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:05, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Футболшы

Александр Генрихович Бородюк (30 қараша 1962<ref>[1] Үлгі:Webarchive</ref>, Воронеж, КСРО) — КСРО және Ресей футболшысы, бапкер. 1988 жылғы Жазғы Олимпиада чемпионы.

Карьерасы

КСРО, Германия, Ресей клубтарында өнер көрсетті. 1989 жылы КСРО үкіметі футболшыларға шетелдік клубтармен контракті жасауға рұқсат берді де, Мәскеудің "Динамосынан" Германияның "Шалькесіне" ауысты. 1996 жылға дейін Германияның "Шалькеден" бөлек "Ганновер", "Фрайбург" клубтарында ойнап, Ресейге оралды.

КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

1990 жылы КСРО сапында, 1994 жылы Ресей сапында әлем чемпионаттарына қатысты.

Футболшылық ғұмырын аяқтаған соң бапкерлікпен айналысты. 2016 жылға дейін Ресей құрамасы және бірнеше Ресей клубтарын баптады. 2016 жылы Қазақстанға келіп, "Қайрат" командасын жаттықтырды. Бір жылдан соң Қазақстан құрамасына бас бапкер боп тағайындалды. Бірақ ӘЧ-2018 іріктеуіндегі сәтсіздіктен соң ол қызметтен босады.

Жетістіктері

Командалық

Ойыншы ретінде

КСРО құрамасы

  • Олимпиада чемпионы: 1988

Динамо (Мәскеу)

  • КСРО кубогы: 1984
  • КСРО-ның күміс жүлдегері: 1986

Шальке 04

  • ІІ Бундеслига жеңімпазы: 1990/91

Фрайбург

  • Бундеслиганың қола жүлдегері: 1994/95

Локомотив (Мәскеу)

  • Ресей кубогы: 1996/97

Бапкер ретінде

Торпедо

  • Ресейдің қола жүлдегері: 2014

Қайрат

  • Қазақстан суперкубогы: 2016

Жеке

  • КСРО чемпионатының үздік мергені: (2) 1986, 1988

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

Үлгі:Сыртқы сілтемелер