Жамал Бозова
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:56, 2024 ж. тамыздың 6 кезіндегі Мықтыбек Оразтайұлы (Талқылауы) істеген түзету
Жамал Бозова (5.11.1970 жылы туған, Қызылорда қаласы) – палуан. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Бапкері – Ишанбек Жұмабаев. Азия чемпионы (1992, Владивосток), әлем кубогының қола (1992) және әлем чемпионатының күміс (1993) жүлдегері. 1989 жылдан Қазақстан құрама командасында.
- Қызылорда педагогикалық институтын (қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірген (1992).
- 1987 – 88 жылы Қызылорда облыстық жасөспірімдер спорт мектебінде жұмыс істеді.
- 1992 – 98 жылы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Дене тәрбиесі» кафедрасында оқытушы болды.
- 1998 жылдан Қызылорда облыстық балалар мен жасөспірімдер олимпиада резервінің арнайы мектебінде дзюдодан жаттықтырушы.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>
Дереккөздер
Санат:
- 5 қарашада туғандар
- 1970 жылы туғандар
- Қызылордада туғандар
- Қазақстанның халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері
- Қазақстан дзюдошылары
- Дзюдодан Азия чемпиондары
- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті түлектері
- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті оқытушылары
- Қазақстан дзюдо жаттықтырушылары