Рауан Атантаев
Үлгі:Футболшы Рауан Рашидұлы Атантаев (22 қыркүйек 1990 жыл, Георгиевка, Семей облысы, Қазақстан) — қазақстандық футзалшы, «Семей» футзал клубының қақпашысы және вице-капитаны. Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі.
Өмірбаяны
Рауан Атантаев спорттық мансабын үлкен футболда бастады. 2009 жылы Семейдің «Спартак» клубының сапында өнер көрсетті. Кейін 2010 жылы «Ақ Бұлақ» (Талғар), 2011 жылы «Қайрат» және 2012 жылы «Қайрат-Академия» командаларында ойнады.
2013 жылдан бастап футзалға ауысып, «ЦСКА (Алматы)» клубының қақпашысы ретінде кәсіби мансабын жалғастырды. Кейін 2020–2021 жылдары «Атырау» футзал клубының құрамында өнер көрсетті.
2023 жылдан бері «Семей» футзал клубында ойнап келеді. Қысқа уақыт ішінде командадағы негізгі қақпашылардың біріне айналып, вице-капитан мәртебесіне ие болды.
Ұлттық құрама
Рауан Атантаев Қазақстан ұлттық футзал құрамасында ойнап, бірқатар халықаралық жарыстарға қатысты.
Жетістіктері
| Маусым | Қазақстан чемпионаты | Қазақстан кубогы | УЕФА Чемпиондар лигасы | Супер кубок |
|---|---|---|---|---|
| 2024 | Чемпион | 2-орын | 2-орын | |
| 2025 | Вице-чемпион | Чемпион | Элит-раунд | 2-орын |
| 2026 |