Әмеди Хәсенов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:43, 2024 ж. қазанның 1 кезіндегі BilgishShezhireshiBot (Талқылауы) істеген түзету
Үлгі:Мағына Үлгі:Ғалым Әмеди Хасенов (1927-1990) - тіл білімі маманы, филология ғылымдарының кандидаты (1955), профессор (1988).
Өмірбаяны
- ҚазПИ-ды бітірген (1949).
- 1952-1957 жылдары Алматы шетел тілдері педагогикалық институтында (казіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) орыс тілі кафедрасының меңгерушісі, жоғары партия мектебінің оқытушысы, Ы. Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институтының аға ғылым қызметкері.
- 1957 жылдан өмірінің аяғына дейін шетел тілдері педогогикалық институтында аға оқытушы, доцент, қазақ және орыс тілдері, қазақ және жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, профессоры болды.
Ғылыми еңбектері
Ғылыми-зертеу еңбектері қазақ тілінің грамматикалық құрылысы жалпы тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелеріне арналған. Негізгі еңбектері:
- «Қазақ тіліндегі сан есімдер» (1957)
- «Жай сөйлемдер және синтаксисті оқытудың кейбір мәселелері» (1957)
- «Синтаксис пен пунктуацияның кейбір мәселелері (1957)
- «Пунктуацияны оқыту жолдары» (1957)
- «Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері» (1985)
- «Тіл біліміне кіріспе» (1989)
- «Тіл білімі» (1996) т. б.
- Оның 8-сыныпқа арналып 1962 жылы жарық көрген «Қазақ тілі» оқулығы осы уақытқа дейін оқытылып келеді.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>
Дереккөздер
<references/>
Санат:
- Қазақ тілін зерттеушілер
- Филология ғылымдарының кандидаттары
- Қазақстан филологтары
- Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері
- Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті оқытушылары
- Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты қызметкерлері
- Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессорлары