Марденов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:45, 2014 ж. мамырдың 25 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Марденов Жүкен Баймұханбетұлы (12.12.1934 ж.т., Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жаңа аттаныс а.) — әскери қайраткер, генерал-майор. Алматы мемл. шет тілдер ин-тын бітірген (1956). 1961 — 68 ж. МҚК Павлодар облысы басқармасында оперативтік қызметкер болды. 1968 — 79 ж. Қазақ КСР МҚК орт. аппаратында, 1979 — 83 ж. МҚК Көкшетау және Шығыс Қазақстан облысы басқармаларында жұмыс істеді. 1983 — 87 ж. Қазақстан МҚК Бірінші (барлау) басқармасының бастығы, 1987 — 90 ж. МҚК Целиноград облысы басқармасының бастығы, 1990 ж. Қазақ КСР МҚК төрағасының кадр жөніндегі орынбасары, 1991 ж. Қазақстан МҚК барлау бөлімінің бақылаушысы болды. “Құрмет белгісі” орденімен, бірнеше медальмен марапатталған. С. Арғынғазин <ref name="test">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том

Сілтемелер

<references />

Үлгі:Суретсіз мақала


Үлгі:WikifyҮлгі:Stub