Шарнақтөбе
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:11, 2014 ж. мамырдың 8 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Шарнақтөбе, Шорнақтөбе – орта ғасырдағы қаланың орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан әкімдігіне қарасты Шорнақ ауылының маңында орналасқан. 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н.Бернштам) зерттеген. Шарнақтөбе аумағы 75×80 м, биікт. 3 м құрылыс. Оған оңтүстік батысы мен солтүстігінен және шығысынан биіктігі 1 м алаң жалғасады. Қаланың ішіндегі төбешіктер – үй құрылыстарының жұрты. Зерттеуші-ғалым Г.И.Пацевич Шарнақтөбе мен Қарнақ бір қала деп жорамалдайды. Қала 1–12 ғасырларда өмір сүрген.