Экскаватор ашық акционерлік қоғамы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
15:41, 2014 ж. тамыздың 26 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету
«Экскаватор» ашық акционерлік қоғамы – машина жасайтын және металл өңдейтін зауыт. Кентау қаласында орналасқан. Жылына 100 экскаватор шығаратын қуаты бар. Зауыт УРАЛ 4320-19-30 автомашинасының дөңгелегіне орнатылған ЭО-3552 У экскаваторын, КАМАЗ автомашинасының дөңгелегіне орнатылған ЭО-3552 экскаваторын, шынжыр табанды ЭО-2621, ЭО-2626, ЭО-2627 экскаваторларын, ПК 330200 жүк тиегіштерін және ДЗ 122 автогрейдерін жасайды.