Алмазбек Атамбаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
20:54, 2017 ж. ақпанның 13 кезіндегі Wenislawski (Талқылауы) істеген түзету
Алмазбек Атамбаев (17 қыркүйек 1956 жылы, Арашан ауылы, Аламудун ауданы, Шу облысы, Қырғыз КСР)— тәуелсіз Қырғызстан тарихындағы төртінші президент, Қырғыз Республикасы Үкіметі Премьер-министрі (04,2007-12,2007 және 12,2010-11,2011) Қырғызстан самбо федерациясының құрметті басшысы.
2011 жылы қазанның 30-ы күні өткен бүкілхалықтық сайлауда 62,52 пайыз дауыс жинап жеңіске жеткен Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан конституциясына сәйкес, алты жыл мерзімге президент болып сайланды.
Бұдан бұрын оппозиционер ретінде танымал, Қырғызстанның Социал-демократиялық партиясының көшбасшысы, кейінірек премьер-министр болған.