Қазақ ССР-інің халық жазушысы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
21:06, 2015 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Zhaksilik (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қазақ КСР-інің халық жазушысы - қазақ совет әдебиетін дамытуға еңбек сіңірген үздік жазушыларға берілетін құрметті атақ. ҚазКСР Жоғ. Сов. Президиумының указымен 1984 ж. 20 қаңтарда белгіленді. "ҚазКСР-інің халық жазушысы" құрметті атағы - кеңінен танылған, жоғары көркем шығармалар мен әдебиеттану жөнінде еңбектер жазған, қоғамдық өмірге, КСРО халықтарының әдебиетін жақындастырып, өзара байыттауға белсене қатысып жүрген прозаиктерге, ақындарға, драматургтерге, аудармашыларға, сыншылар мен әдебиет зерттеушілерге беріледі.

Дереккөздер

↑Қазақ КСР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7